БастыҚоғам

Алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оның артынан республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклон ығысады, оның әсерінен: 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігіне – қар, желдің күшеюін және көктайғақ құбылыстарын алып келеді.

Еліміздің барлық аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Термометрлер бағандары келесідей температураны көрсетеді: батыста түнде -5…+5 дейін, күндіз +2…+13 дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5…-16 дейін, күндіз -8…+ 2 дейін, орталықта, шығыста түнде -8…-17, күндіз -1…-10, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5…+5, күндіз + 5…+13 дейін, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button