БастыӘлем

Нидерландыда 25 ақпаннан бастап коронавирустық шектеулер алынып тасталады

Нидерланды басшылығы 25 ақпаннан бастап барлық коронавирустық шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Тек негізгі ұсыныстар қолданыста болады-қол алысудан бас тарту, гигиенаның негізгі ережелерін сақтау, бөлмелерді желдетіп тұру.

18 ақпаннан бастап кафелер, барлар мен мейрамханалардың, сондай-ақ мәдени және ойын-сауық мекемелерінің жабылу уақыты 22:00-ден 01:00-ге дейін өзгереді, одан кейінгі бір апталық мерзімде барлық мекемелер пандемияға дейінгі әдеттегі жұмыс режиміне орала алады. Санитариялық рұқсаттамалардың да күші жойылады, алайда қажеттілік туындаған жағдайларда оларды пайдалануды қалпына келтіру жоққа шығарылмайды. Олар шетелге саяхаттау үшін өз күшінде қалады.

Ірі бұқаралық іс-шараларда 1G жүйесі жұмыс істей бастайды, оған кіру коронавирусқа тесттің теріс нәтижесімен ғана рұқсат етіледі.

Үкіметтің шешімі пандемияның Денсаулық сақтау жүйесіне артқан жүктемесінің азаюына байланысты қабылдануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button