БастыДенсаулық

Вакцина төңірегіндегі алып қашпа сөз бен ақиқат: маман түсіндіреді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты «Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы» басқармасының төрағасы Арнұр Нұрбаев екпеге қатысты пікір білдірді.

«Вакцина өндірісі процесінің қалай жүргізілетіндігін, сонымен қатар вакцина құрамына не кіретіндігін білетіндіктен пікір білдіре кетейін. Ұзақ уақыттан бері адъювант, протеин, қант, формальдегид, сынап не үшін қолданылатындығын түсіндіруге тырысып келеміз. Вакцина әзірлеу үшін түрлі тұрақтандырғыштарды, инактивацияларды пайдалану қажеттігі туындайтын өте күрделі биологиялық тізбек қажет. Айталық формальдегид вирустарды, мысалы полиомиелитті инактивациялау үшін пайдаланылады», – деді ол Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференция барысында.

Оның атап өтуінше, вакцина құрамындағы формальдегид көлемі өте аз. Адамдар су ішкенде, азық-түлік тұтынғанда формальдегидті әлдеқайда көп алады. «Жан-жақты орталықтандырылған зерттеулер бар. Олар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Органикалық зерттеулер де өте көп өткізіледі. 10-даған мың түрлі зерттеулер вакцина өндірісі барысында түрлі заттарды пайдалану мүлдем қауіпсіз екендігін көрсетіп отыр», – деді ол.

Орталық басшысы қазақстандық зертханалардың еуропалық сапа стантартына толық сай келетіндігін де баса айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button