БастыӘлем

Әлем: Пандемия басталғалы Иранда 6,6 миллионнан астам адам коронавируспен ауырған

Пандемия басталғаннан бері Иранда 6,6 миллионнан астам адам коронавируспен ауырды. Ал COVID-19 жұқтырғандардың күнделікті өсімі 40 000 адамға жақындады, деп хабарлайды Иранның Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жазды.

«Соңғы тәулік ішінде пандемия 104 азаматтың өмірін қиды, осылайша өлім-жітім саны 132 934-ке жетті. Сарапшылар мұндай күрт өсу «омикрон» штамының таралуына байланысты екенін айтады. Қазіргі уақытта 2 615 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған, қарқынды терапия палаталарында емделуде. Осыған орай, Иранда жаппай вакцинация процесі жүріп жатыр. 07 ақпандағы жағдай бойынша 61 170 578 тұрғын COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алды, 54 561 630 адам толық курстан өтті. 19 973 438 адам ревакцинацияланды», делінген жазбада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button