БастыСпорт

Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының төртінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Евгений Величко мен Виталий Пухкало өнер көрсетеді, ал әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі.

Ал екі биатлоншымыз Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады.

Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта ел намысын қорғайды.

Сонымен қатар, шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы турнир жалғасады. Керлингтегі аралас жұп жарысында жүлделер сарапқа салынады. Әйелдер арасындағы шана жарысы, ерлер арасында мәнерлеп сырғанау, сноуборд жарыстары өтеді.

8 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы жарысы
14:00 Жекелей спринт. Іріктеу. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс.
16:30 Жекелей спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс.

Биатлон
14:30 Жекелей жарыс, 20 км. Ерлер.

Конькимен жүгіру спорты
16:30. 1500 м. Ерлер

Қайдан көруге болады:
Qazaqstan, Россия 1 – 14:25 (биатлон).
Qazaqsport, Матч ТВ, Матч Арена – 16:25 (конькимен жүгіру спорты).
Хабар, Матч ТВ – 13:55, Первый канал – 16:15 (шаңғы жарысы).

*Нұр-Сұлтан уақытымен

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button