4 өңір «жасыл» аймақта: Эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

8 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта Атырау және Жамбыл облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.