Басты

Қазақстанда қатты дамыған ірі қаржы пирамидасының жолы кесілді

Еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдігі болған қаржы пирамидасы қызметінің жолы кесілді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдігі бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қымбат бағалы қандай да бір мүлікті сатып алу үшін азаматтарға 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеу, содан кейін ай сайын 50 мың теңгеден 10 ай бойына төлем жасау ұсынылған. Салынған 180 мың теңгенің 100 мың теңгесі тұтыну кооперативі шотында қалып, 80 мың теңге арнайы құрылған ЖШС шотына аударылып отырған.

Осылайша ЖШС қызметінде міндетті кіру жарнасы, әрбір жаңадан тартылған қатысушы үшін бонустардың төленуі, БАҚ-та жаппай жарнама жасау, интернет кеңістікте бір алушыға көптеген жіберушілерден жасалған ақша аударымы сияқты қаржы пирамидасының барлық белгілері көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда қаржы пирамидасына салымшылардан жалпы сомасы 3,9 млрд теңге ақшалай қаражат тартылған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Аталған әрекет бойынша ҚР ҚК 217-бабына (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сәйкес мүлікті тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.»

Басқа жаңалықтар

Back to top button