БастыДенсаулық

Тағы бір министр оқшауланды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Министр қазір оқшауланды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған ретінде оқшауланды. Елжан Біртановпен ұшақта бірге келді. Таңертең аппарат кеңесі және барлық шара жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Министр бәрін үйден өткізіп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс болған.

«Апта соңында тағы тест тапсырады», – деп нақтылады ол.

Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button