БастыҚоғам

Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс бар?

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) Болжамдау департаментінің деректері бойынша Қазақстанда биыл жалдамалы қызметкерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды.

Жалдамалы қызметкерлерге сұраныс 188,6 мың адамды құрайды, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы қызметкерлерді алмастыру сұранысына сай келеді. Сонымен қатар, күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер еңбек нарығында ең танымал болып және жаппай сұраныста қала береді.

«Өңірлер бойынша неғұрлым елеулі жиынтық сұраныс, жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру бойынша сұранысты қоса алғанда, Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында орын алатын болады. Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button