Бастыпроисшествие
Талдықорғанда ерлі-зайыпты екі баласымен бірге өлі табылды
Алматы облысында ерлі-зайыпты екі баласымен бірге өлі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, бір отбасы мүшелерінің денелері 2 ақпан күні Талдықорған қаласы Еңбек ауылында табылды.
«Бір отбасынан 4 адамның жансыз денелерін жергілікті тұрғындар жеке үйдің ауласында орналасқан уақытша тұруға арналған үйшіктен тапқан. Екі ересек адам – 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары туған балалары мерт болды», – деп мәлім етті ведомстводан.
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының барлық мүшесі 2-3 күн бұрын көз жұмған.
«Өлім себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді облыстық ТЖД-дан.