БастыСаясат

ЭЫҰ елдері транзит көлік дәліздерін дамыту жайын талқылады

2022 жылғы 2 ақпанда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің 11-кездесуі бейнеконференция режимінде өтті

Отырысқа ұйымға мүше елдерден басқа MCAT, OTIF, БҰҰ ЕЭК, ТЖЫҰ, Сауда және даму банкінің халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты.

Қазақстан делегациясын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев басқарып, транзиттік көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру туралы баяндама жасады. 

Жиында көлік секторы, оның ішінде мультимодальдық тасымалдар, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде транзиттік тасымалдарды жеңілдету және қалпына келтірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, өңірдегі тасымалдар тұрақтылығын арттыру жөніндегі одан арғы іс-қимылдарға, оның ішінде ЭЫҰ елдері арқылы жеткізу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты ұсынымдар берілді.

Бұдан басқа, вице-министр ұйымға мүше елдердің көлік министрлерін Қазақстанда көлік саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда:

– Каспийдегі Ақтау және Құрық порттарын қоса алғанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту;

– Ақтау портында қуаты 100 мың жиырма футтық эквиваленттен асатын «Контейнерлік хаб» құру жөніндегі жоспарлар;

– Иран, Әзірбайжан және Ресей порттарымен паромдық қатынастар мен фидерлік желілерді дамыту;

– ЭЫҰ елдеріне Амирабад/Анзали (Иран) – Ақтау бағытын пайдаланып, Бендер-Аббас (Иран) портынан Ақтау портына дейінгі бағдарды дамытуға жайына тоқталды. 

2021 жылдың қорытындысында жүктер мен контейнерлер транзитінің көлемі 21,6% артып, 1 065,6 мың ЖФЭ құрады.  

Сонымен қатар, өңірдегі қуатты көлік-логистикалық хабқа айналған «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы құрғақ портты дамыту; Қазақстан қолданатын, сондай-ақ кеден қызметтері пайдаланатын Каспий маңы елдерінің порттары арасында деректер алмасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер; станцияларды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану, жергілікті жұмыс және поездар қозғалысын ұйымдастыру кезінде орындалған қозғалыс кестесін жүргізу және талдау туралы айтылды.  

Қытаймен шекарада транзиттің өсуіне және кептелістің алдын алуға бағытталған «Темір керуен» теміржол транзиттік тасымалдарын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумды пысықтау, тарифтік шарттарды белгілеу бойынша жұмыстарды жалғастырып, Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран дәлізін дамыту қажеттілігіне назар аударылды. 

Отырыс қорытындысында ЭЫҰ Көлік министрлерінің 11-ші кеңесінің «Анкара декларациясы – 2022 » қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button