БастыДенсаулық

Үйдегі карантинде адам нені білуі керек

Осыған дейін жұқпалы індеттен сақтану шаралары жайлы аз айтылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, тағы бір мәрте еске салайық. Үй карантиніндегі адам сыртқа шықпауы тиіс. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жауып, кейін қолды бірден жууы керек. Медициналық масканы қолдану мерзімі – 2 сағат. Дене қызуы көтерілсе немесе өзге де жайсыздықты сезінсеңіз, «колл»-орталыққа хабарласқан жөн. Бұдан бөлек, үй карантиніндегі адам смартфонына «Смарт Астана» мобильді қосымшасын орнатып, «мен карантиндемін» деген режимді таңдауы керек. Әрі «ДжиПиЭс», «Блютуз» және «уай-фай» үнемі қосулы тұруы қажет.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button