Батареялардың тактикалық оқу-жаттығуы өтті
Аягөз гарнизонының оқу-жаттығу полигонында артиллерия әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес батареялардың тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Әскери бөлімінің жас артиллерист офицерлерінің жеке құраммен атыс тапсырмаларын орындауы назарға алынды, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.
Атыс жаттығуы кезінде батарея жеке құрамы үйлесімділік пен өзара іс-қимылды пысықтады. Сондай-ақ, нысананы оқ-дәрілердің ең аз зарядымен атып зақымдауға ерекше көңіл бөлді.
Тактикалық оқу-жаттығудың басты мақсаты жас мамандардың теория жүзінде алған білімдерін, тәжірибеде толық игеруге үйрету болып табылады. Сонымен қатар, командирлердіӊ біліктілігін тәжірибеде көрсету, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету де маңызды. Жалпы өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылардан ату тапсырмалары орындалды.
Өздігінен жүретін артилллериялық қондырғыдан оқ ату әскери қызметшілерге алған барлық білімдерін практика жүзінде бекітуге мүмкіндік берді. Қондырғылардан ату сабақтары әсіресе жас офицерлер мен мерзімді әскери қызметшілер үшін өте маңызды. Себебі, олардың көпшілігі бүгінігі Қарулы Күштердің қатарында тұрған ауыр ұрыс машинасынан бірінші рет жауынгерлік атыс жүргізді.
– Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жеке құрам батарея шабуылы тақырыбында тактикалық оқу-жаттығуды өткізді. Аталмыш жаттығу барысында менің батареям теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетіп, барлық нысаналарға дәл тигізді. Сондай-ақ, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі басшылық тарапынан «жақсы» деп бағаланды, – деді артиллериялық батарея аға офицері Әбдірәсіл Әбдімәлік.