Бастыпроисшествие
«Депрессияға ұшыраған»: Әйел үш жасар қызын аюдың алаңына лақтырып жіберген
Бұған дейін Ташкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі жұма күні әйел үш жасар қызын 5 метр биіктіктен аюдың алаңына лақтырып жібергенін хабарлады.
Жыртқыш балаға тиіспеген, тек бүлдіршін биіктіктен құлағандықтан, жарақат алған. Белгілі болғандай, әйел күйеуі Ресейге кетіп қалғандықтан, депрессияға ұшыраған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Прокуратура органдары анасына қатысты «қасақана кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, оған кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі уақытта әйелдің жұмыссыз екені, оған және оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілгені белгілі болды.