Тоқаев Елбасының ел үшін сіңірген еңбегін ұмытпай, халықты басшының жақсы қасиеттерін кемшіліктерінен жоғары қоюға шақырды.
«Елбасының ел үшін сіңірген еңбегін ұмытпайық. Ең болмағанда объективті және шыншыл болу керек. Өткенін жамандаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр», дейді Президент.
Оның айтуынша, жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді.