
Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен 316,2 мың адам толық егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
«Pfizer» препаратымен елімізде жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар егіліп жатқанын еске салайық.
26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, вакцинаның I дозасын 582 190 адам, ІІ дозасын 316 281 адам салдырды. Оның ішінде,
І компонентімен егілді:
– жасөспірімдер – 476 669;
– жүкті әйелдер – 24 646;
– бала емізетін әйелдер – 75 931.
ІІ компонентімен егілді:
– жасөспірімдер – 257 635;
– жүкті әйелдер – 15 287;
– бала емізетін әйелдер – 43 348.
Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясы 1 192 211 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 021 215 науқас сауығып шықты.