Бастыпроисшествие

Алматыдағы блок-бекетте зардап шеккен үшінші полиция қызметкері ауруханадан шыққалы жатыр

Алматы облысындағы блок-бекеттегі жағдайдан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдәзім үйіне шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды kaznovosti.kz.

«15 маусымдағы науқастың жағдайы жақсарып, тұрақты қалыпта. Есін біледі, аяқ-қолы сау, сұраққа жауап бере алады. Уақытты, айналадағыны бағамдап, тани алады. Неврологиялық симптомдары ақырындап қайтты. Орташа астеновегетативті синдром әлі де сақталуда. Үйіне шығуға дайындалып жатыр» – деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

25 мамырда Алматы облысында бұрын полицей болып жұмыс істеген мас жүргізуші блок-бекетті көлікпен бұзып өтіп, ішінде екі полиция қызметкері болған патрульдік көлікке соғылған. Салдарынан 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Ал 1994 жылғы әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада қайтыс болған еді. Үшінші полиция қызметкері – 1994 жылғы туған Ербұлан Сейдәзім жансақтау бөлімінде жатқызылды. Оған нейрохирургтер ота жасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button