Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай дүниеден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры хабарлады.

Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүние салды, – деп жазды театрдың баспасөз өкілдері Instagram-дағы парақшасында.