БастыДенсаулық

Қазақстанда антисептиктердің бағасы қымбаттады

Вирусқа қарсы бағытталған антисептиктердің құны бір жыл ішінде бірден 17% қымбаттады.

Сонымен қатар, дене қызуын түсіретін дәрілердің бағасы 8,5% өсті

Барлық фармацевтикалық өнімдер бір жыл ішінде 7% қымбаттаған.

2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның фармацевтикалық компаниялары 41,9 млрд теңгеге негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,9% көп.

Саладағы өндірістің төрттен үш бөлігі (75,7%) үш облысқа тиесілі: Алматы облысы (11,6 млрд теңге, бір жыл ішінде 3,1% артты), Шымкент (11,4 млрд теңге, 6,5% артты) және Алматы (8,8 млрд теңге, 39,3% артты).

Басқа жаңалықтар

Back to top button