БастыСпорт

Футзал: Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстанның соңғы құрамы белгілі болды

Пауло Рикардо Кака бастаған футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Еуропа чемпионатына қатысатын соңғы құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді.

Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігіне қатысатын құрамы:

Қақпашылар: Игита (2), Рауан Атантаев (1)

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан (3), Нұрбек Қарағұлов (4), Эдсон (5), Лео (6), Азат Валиуллин (7), Альберт Ақбалықов (9), Шыңғыс Есенаманов (10), Арнольд Кнауб (11), Дәурен Тұрсағұлов (12), Жомарт Тоқаев (13), Дуглас (14), Біржан Оразов (17).

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Финляндия, Италия және Словения құрамаларымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button