Әлихан Смайылов Үкімет отырысында кез келген бағдарлама, бірінші кезекте, халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.
«Біз үшін ең басты мақсат – ол халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама, бірінші кезекте, халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыс тиімділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады», — деді Ә. Смайылов.