БастыДенсаулық

Ажар Ғиният омикрон штамының алғашқы белгілерін атады

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамының алғашқы белгілерін атады.

Оның айтуынша, коронавирустың омикрон штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді.

«Қысқа 2 күндік жұғу кезеңімен сипатталады. Аурудың еселеп көбеюі де содан. Аурудың алғашқы белгілері – тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты «суық тию» көрінісі, яғни қызу, әлсіздік, бас ауруы, жөтел. Бүгінгі жағдай бойынша аурулардың 80 пайызы, яғни 78 629 ауру амбулаториялық ем алуда. Соңғы аптада анықталған жағдайлардың ішінде ауруханаға жатқызылған адамдардың үлес салмағы – 19,5 пайыз. Стационарға аурудың орта және ауыр дәрежесімен ауыратын пациенттер түсіп жатыр. Бұл ретте емдеуге жатқызылған адамдардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің үлесі – 5 пайыз», – деді Ажар Ғиният.

Басқа жаңалықтар

Back to top button