БастыДенсаулық

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасынан жолдама жеңімпаздары анықталды

Бүгін тікелей эфирде осы жылдың 28 қазаны мен 28 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған зейнеткерлер арасында Қазақстан санаторийлеріне жолдамалардың ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинацияланған зейнеткерлер арасында шипажайға ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) ресми парақшаларында тікелей эфирде өтті. Байқауға 4,5 мыңға жуық вакцинацияланған зейнеткер қатысты.

Егілгендердің арасында Сарыағаш (Түркістан облысы), Оқжетпес (Ақмола облысы), Мойылды (Павлодар облысы) шипажайларына тегін жолдамалар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар: шаңсорғыш, кір жуғыш машина, Smart-теледидар ойнатылды.

Ұтыс қорытындысы бойынша:

552 нөмір – Жүрсінова Бәтима Қабенқызы Сарыағаш шипажайына (Түркістан облысы)жолдаманы жеңіп алды;

3491 нөмірі – Ахметова Кулянда Әйнекқызы Оқжетпес шипажайына жолдаманы жеңіп алды (Ақмола облысы);

1201 нөмір-Сақтапбергенов Ермек Мырзахметұлы Мойылды санаторийіне (Павлодар облысы) жолдаманы жеңіп алды.

4437 нөмірі-Қасен Ләззат Қалиқызы шаңсорғышты жеңіп алды;

4150 нөмірі-Макенов Атығай Жүсіпбекұлы кіржуғыш машинаны жеңіп алды;

3204 нөмірі – Абенова Гүлнар Smart-теледидарды жеңіп алды.

Сонымен қатар, жолдама жеңіп алғандар өздерімен бірге тағы бір адамды қасына алып кете алады.

Конкурс әдеттегідей Birge платформасында вакцинацияланғандардың ID генерациясы арқылы автоматты режимде өтті. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандардың арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Бұған дейін вакцинацияланғандардың арасында пәтер, көлік және 20-дан астам iPhone ойнатылды.

Айта кетейік, құнды сыйлықтардың ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Тек вакцинация сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button