БастыҚоғам

Нұр-Сұлтанда Toyota Yaris автокөлігі автобусқа соғылып, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтанда Toyota Yaris автокөлігі автобусқа соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.

“Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тасжолында кетіп бара жатқан Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі автомобиль тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, автобусқа соғылған.

36 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобуста отырған жолаушылар зардап шекпеген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button