БастыСпорт

2022 жылы триатлоннан Азия чемпионаты Нұр-Сұлтанда өтеді

Нұр-Сұлтан 23 жасқа дейінгі және жасөспірімдер санатындағы триатлоннан Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Құрлықтық біріншілік 2022 жылдың 23-24 шілдесінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«World Triathlon пен Asia Triathlon 2022 жылдың 23–24 маусымында Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санаттарындағы спортшылар арасында триатлоннан Азия чемпионаты болатындығын растады.

Астанамыз 2022 Asia Triathlon Junior and U23 Championships Nur-Sultan атты құрлықтық біріншіліктің қатысушыларын алғаш рет қабылдайтын болады. Бүгінгі таңда Сайыс және жауапты техникалық делегаттар бекітілді. Бұл халықаралық сайыс 2021 жылы болады деп күтілгенімен, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға және бірқатар елдердегі шектеулерге байланысты болмай қалған еді.

Еске сала кетейік, 24 шілдеге TEMIRADAM Кубогының V кезеңі жоспарланып отыр. Pro және Age Group санатындағы сайыскерлер құрлықтық чемпионаттың тарихи дистанциясында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды», – делінген Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз хабарламасының мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button