БастыСпорт

«Барыс» сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилистін» 0:2 есебімен жеңді

Құрлықтық хоккей лигасының матчында қазақстандық «Барыс» сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилистімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Ортио (Бояркин) – Морроу-Данияр Си, Берглунд-Вэй-Юрчо; Альсинг-Мартинссон, Михаэлис-Волк-Лилья; Савченко-Орехов, Старченко-Куник-Савицкий; Шалапов, Әсетов-Гурков-Петухов.

Бірінші кезең голсыз аяқталды. Екінші жиырмаминуттықта қазақстандық команданың капитаны Роман Старченко есеп ашты. Ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда елордалық ұжым хоккейшісі Вэй бос қалған қақпаны дәл көздеп, қорытынды есепті тіркеді. 0:2!

23 желтоқсанда «Барыс» сырт алаңда «Ак Барс» командасымен ойнайды.

«Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

Шайбы соққандар:

0:1 — 34:12 Старченко.

0:2 –  39:25 Вэй

Қақпашылар: Маттссон — Ортио

Басқа жаңалықтар

Back to top button