БастыСаясат

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада автошеру өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалы автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Автомобиль колоннасы «Қазақстан» спорт кешені жанындағы алаңнан басталды. Маршруттың соңғы нүктесі – ҚР Орталық Туы. Мерекелік кортеж 10 км қашықтықты жүріп өтті. Әр көлікке Қазақстан туы ілінді.
Акцияға еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты.

Автошерудің негізгі мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін көрсету, сондай-ақ жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button