
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасына қарсы алғашқы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 2022 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық ретінде жоспарланған. Ертең, 15 желтоқсанда командалар қарымта кездесуін өткізеді.
Матч елорда уақытымен сағат 19:00-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.