«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизоны танк әскери бөлімінде 2022 жылғы қысқы оқу кезеңінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары басталды.
Танк әскери бөлімінің жеке құрамы мамандықтары бойынша бірнеше топтарға бөлінді. Тәжірибесі мол офицерлер мен сержанттар қатарынан сабақ жетекшілері тағайындалды. Сонымен қатар, әскери бөлімдердің аумағында арнайы оқу орындары орналастырылды.
Жалпы, мамандық бойынша жеке дайындық сабақтарын өткізудің негізгі мақсаты – жауынгерлік әзірліктің деңгейін көтеру және әскери қызметшілердің мамандықтары бойынша білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жеке құрамның өзінің лауазымына сәйкес міндеттерін оқу және жеке қаруы мен әскери техникасының мүмкіндіктерін, оны пайдалану тәртібін үйрену болып табылады.
– Жеке құрамға сабақты сапалы өткізу мақсатында оларды мамандықтарына қарай арнайы топтарға бөлдік. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамы сабақтарға түгел қатысып, әр әскери қызметші өз мамандықтары бойынша сапалы білім алуда. Осындай сабақтардың нәтижелері алдағы уақытта болатын оқу жаттығуларда жақсы жетістіктерге жеткізеді деп сенемін, – деді танк әскери бригадасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Асхат Шайкенов.
Айта кетейік, жеке дайындық сабақтары желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Мамандық бойынша дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін бақылау сабақтары өткізіледі.