
Қарағанды қаласындағы академик Е. Бөкетов университетіндегі қандас студенттермен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – қандастардың көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын жүзеге асыру.
Кездесуге Қосымша білім беру факультетінің әдіскері Гульвира Кенжебекова , «Отандастар Қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Еркебұлан Меңлібаев, Ұлттық тестілеу орталығының маманы Бахытгүл Амзеева, «Жас Қазақ» Халықаралық жастар ұйымының төрағасы Алжан Шарипов қатысты.
«Отандастар Қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің білім бағыты бойынша менеджер Еңлік Бердірахманова Қоғамның негізгі мақсатымен білім бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.


