Басты

Алматыда Көк базар жабылды

Көк базардың қызметкері коронавирустан көз жұмды, ол 27 мамырдан бастап жұмысқа шықпаған, деп хабарлаған Sputnik.

Алматыда Көк базардың қызметкері коронавирустан көз жұмып, сауда орны 23 маусымға дейін жабылды.

«Иә, бүгін базарды 23 маусымға дейін жабамыз. Біздің қызметкер сырқаттанып қалған болатын, оның жоғары қан қысымы мен қант диабеті бар еді. Әуелі COVID-19 белгілері болмаған. Әйел ауруханаға түскеннен кейін ғана диагноз қойылды. Ол бейсенбі кешке (11 маусымда) көз жұмды», – деді Көк базар әкімшілігіндегілер

Олардың хабарлауынша, әйел 27 мамырдан бастап жұмысқа шықпаған.

Базардың барлық қызметкері коронавирусқа тест тапсырған, қазір оның нәтижесін күтіп отыр.

Барлығы Көк базарда 20 адамнан коронавирус табылды, деп мәлімдеді сенбі Алматы әкімдігі.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайын тексеру барысында базар әкімшілігі дертке шалдыққан тағы 19 адамды анықтады», – делінген ресми ақпаратта.

Базар сатушылары арасында ауру жұқтырғандар жоқ.

«Қайтыс болған әйелге (базар әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің қызметкері) байланысты өлімнің себебін қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының жанындағы комиссия анықтайды», – деп хабарлады әкімдік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button