Басты

Семейде карантин шектеулері күшейтілді

Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбеюі салдарынан 13 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 маусымнан бастап ШҚО мемлекеттік бас санитар дәрігері Марат Исмайыловтың коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы қаулысы күшіне енеді.
«Коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы штабтың мәліметтеріне сәйкес, облыста соңғы жеті күнде аурудың таралу деңгейі 4,1 пайызға, Семей қаласында 4,7 пайызға өсті. Осының негізінде Шығыс Қазақстан облысының территориясында 2020 жылғы 1 шілде сағат 00.00-ге дейін шектеу, оның ішінде карантин шараларын қатаң сақтауды қаулы етемін», – деп жазылған қаулыда.

Сонымен қатар, Семей қаласында шектеу шаралары енгізіледі. Азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын нысандардың жұмысы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және азық-түлік, әмбебап және азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын нысандардың жұмысы сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін, қоғамдық моншалар мен сауналардың жұмысы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады.

Спорт нысандарының (фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, ХҚКО-ның жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін болады. Қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button