БастыСаясат

Нұрлан Нығматулин ТүркПа-ның Бас хатшысын қабылдады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) жаңа Бас хатшысы  Мехмет Сюрейя Эрды қабылдап, алдағы жұмыс бағыттарын талқылады.

Отырыста Палата Спикері Түркістанда ТүркПА-ның X-ші пленарлық отырысын жоғары деңгейде өткізілгенін, сондай-ақ, жуық арада Ыстанбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8-ші Саммитінде тарихи шешімдер қабылданғанына назар аударды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, соның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» атауына өзгерді.

«Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатының қабылдануы, сонымен қатар, Түрікменстанның ұйымға бақылаушы мәртебесіне ие болуы Ұйым дамуындағы жаңа кезең. Мәжіліс Төрағасы ТүркПА-ның да атауын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» деп өзгертудің уақыты келді деп санайтынын айтып, Хатшылық бұл мәселені заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету керектігіне мән берді.

Отырыс барысында ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және жақындастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілу қажеттілігі айтылып, ТүркПА-ның 2022-2027 жылдарға арналған заң жобалау қызметінің бағдарламасына ерекше назар аударылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button