Коронавирус жұқтырып алған 451 адамның жағдайы ауыр

28 704 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

24 қарашадағы мәлімет бойынша, 28 704 адам коронавирус инфекциясынан (–24 700+ және 4 004 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 451 адамның жағдайы ауыр,

• 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.