
«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасатын болады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды. Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 аязға дейін төмендейді», – делінген синоптиктер хабарламасында.


