Бастыпроисшествие

Түрмеден енді шыққан қызылордалық сыбайласымен бірге бөтеннің көлігін өртеп жіберген

Түрмеден енді шыққан қызылордалық сыбайласымен бірге бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Белгілі болғандай, кешкі уақытта қала орталығындағы көшелердің бірінде тұрғынды ұрып-соғып, оның Opel Vectra маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 теңгені құрады. Дер кезінде барлық патрульдік қызметтерге ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар жіберілді. Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте екі күдіктіні ұстады. Екі ер адам ұрланған көлікті өртеп жіберген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ, күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екені белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған.

Атап айтсақ, 2015 жылы ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 6 жылға сотты болған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Адамдар тобы болып, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып автомобильді айдап кету) және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Екі күдікті қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button