БастыСпорт

Футболдан Қазақстан кубогы: финал қашан және қайда өтеді?

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел кубогының финалы қайда өтетінін және қаншада басталатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан кубогының финалы 28 қараша күні сағат 20:30-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Финалда «Қайрат» (Алматы) және «Шахтер» (Қарағанды) командалары кубокты сарапқа салады.

Кубоктың финалына кіру тегін! Жанкүйерлерді стадионға кіргізу Нұр-сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен ASHYQ қосымшасы арқылы «жасыл» мәртебе болған жағдайда ғана рұқсат етілген.

Стадионда жанкүйерлердің орналасуы әлеуметтік қашықтыққа сай болуы тиіс, сонымен қатар ойынға келген қала тұрғындары мен қонақтарында медициналық бетперде болуы міндет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button