35 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Халықты КВИ-ға қарсы вакциналау жалғасуда. 1-компонентпен 8,7 млн адам егілді, тиісті ересек халықты қамту халық санының 76%-ын немесе 46%-ын құрайды, екінші компонентпен 70% немесе халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 млн-нан астам адам екпе алды.

А. Цой атап өткендей, Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцина алуы тиіс 35 012 бала, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер екпе алды. Вакцинаны апта сайын жеткізу  жалғасуда.