БастыСпорт

ҚХЛ: Бүгін Мәскеуде «Барыс» «Спартакқа» қарсы матч өткізеді

Бүгін Мәскеуде елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Спартакқа» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта «Барыс» 28 ойында 24 ғана ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орында тұр. Мәскеу клубы 29 ойында 30 ұпаймен Батыста 8-орында тұр.

«Барыс» – «Спартак» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 22:30-да басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Сондай-ақ, матчты «Матч-ТВ» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button