Аягөз гарнизоны: Әскери бөлімнің құрылған күні салтанатты сапқа тұрып атап өтілді

Аягөз гарнизонына қарасты әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің жеке құрамы тарих пен дәстүрді ұмытпай әскери бөлімнің құрылған күнін салтанатты сапқа тұрып атап өтті, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Салтанатты жиынға бөлім ардагерлері мен басшылық құрамы қатысты. Сап түзеуде бөлім командирі полковник Таир Жұматаев мерекелік күнге арналған жеке құрамды көтермелеу жайлы бұйрықты жеткізіп, әскери қызметшілерді айтулы күнмен құттықтады.

Әскери тәртіп пен ұрысқа әзірлікті жетілдіруге қосқан үлестері және қызметтік міндеттерін атқаруда белсенділік танытқандығы үшін бір топ офицерлер мен сержанттар алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі таңда аталмыш әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып, жауынгерлік әзірлікті ұдайы шыңдап, қырағылықпен жауынгерлік міндеттерін атқарып, бейбіт ел аспанының тыныштығын күзетуде.

– Бүгін біз үшін өте ерекше күн. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасында мемлекетімізбен бірге есейіп, еліміздің әскерінің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді. Біздің әскери қызметкерлерде өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен орындауда. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Бөлім жеке құрамын бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, әрі қарай табысты еңбек тілеймін, – деді полковник Таир Жұматаев.