Бастыпроисшествие

Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 мыңға жуық жүргізуші ұсталды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2021 жылдың 10 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жүргізуші тәртібіне бақылау күшейтілді. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, 5 мың қарсы қозғалыс жолағына шығу жағдайының жолы кесілді. 24,5 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, оның ішінде 1,3 мыңы өмір бойы көлік жүргізе алмайды. 20 мың ереже бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 220,5 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Ішкі істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған жол картасын бекітті. Биыл апатты-қауіпті учаскелерде 50 мың шаршы метрден астам шуыл жолақтары, 220 жарықдиодты жол белгілері, 55 мың жарықдиодты катафоттар және 400 жол буферлері орнатылды. Қалалар мен елді мекендерді айналып өтетін жолдар, жерүсті жаяу жүргіншілер көпірлері салынып жатыр. Техникалық тексерістен жалған өткені үшін Техникалық байқау орталықтары мен автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үкімет басшысы азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін және олардың ақшалай қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Премьер-Министр жолдардағы апаттардың алдын алу және оларды азайту шараларын одан әрі жетілдіру, өңірлерде бірыңғай көлік саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button