БастыСпорт

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қалай өтетіні белгілі болды

Чемпиондар лигасының биылғы маусымы Лиссабонда «Сегіздің финалы» форматында өтеді, – деп хабарлайды  Tengrinews.kz

Дереккөз мәліметінше, Еуропа лигасы да осындай формат бойынша Германияда аяқталады. Ал Еуропаның Суперкубогы матчы Будапешт қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы Еуропа лигасы «Сегіздің финалы» форматы бойынша Испанияда ұйымдастырылады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ювентус» – «Лион» және «Барселона» – «Наполи» қарымта матчтары Турин мен Барселонада өтеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымдағы финалы Ыстамбұл қаласында өтетіні белгілі болған. Алайда БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, финал басқа қалада өтетін болды.

Бейсенбі күні УЕФА 17 маусымда атқарушы комитеттің отырысында финалдың өтетін күні мен орны туралы шешім қабылдайтыны туралы мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button