«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Сочимен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында айдын иелері 5:2 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Елордалық команда бірінші және үшінші периодта 2:0 есебімен жеңіліп, екінші периодта 1:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осы кездесуден кейін «Барыс» 28 ойында 24 ғана ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орында тұр.
«Сочи» (Сочи, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 5:2 (2:0, 1:2, 2:0)
Шайба соққандар:
1:0 – Николаев (Александров, Жабреев) – 16:13
2:0 – Мельниченко (Лайпон, Бакош) – 18:15
3:0 – Гордин (Авершин, Глотов) – 23:40
3:1 – Волк (Старченко, Диц) – 32:01 ГБ
3:2 – Старченко (Куник, Шалапов) – 36:46
4:2 – Камалов (Мельниченко, Якс) – 45:46
5:2 – Мищенко (Гараев, Николаев) – 53:13.