Нұр-Сұлтанда өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Тәжікстанға қарсы ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Бастапқы құрамдар төмендегідей болды:
Қазақстан: Шацкий, Қасым, Малый, Логвиненко, Астанов, Дарабаев, Тағыберген, Қуат, Васильев, Зайнутдинов, Щеткин;
Тәжікстан: Киргизбоев, Джурабоев А., Эргашев, Умарбоев, Давронов, Жалилов А., Рахимов, Бабоев, Панджшанбе, Джурабоев З., Жалилов М.
Матчтағы жалғыз допты Бактиер Зайнутдинов соқты. Он екінші минутта қонақтар қақпашысы өрескел қателікке бой алдырып, ЦСКА-ның футболшысының гол соғуына мүмкіндік жасап берді.
Қалған уақытта тәжіктер таразы басын теңестіруге тырысып, бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, Талғат Байсуфинов командасының жолы болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы жылды жеңіспен аяқтады.
Қазақстан – Тәжікстан 1:0 (1:0)
Гол: Зайнутдинов 12 (1:0).