БастыДенсаулық

Алматыда жұмыссыздар, көпбалалы отбасы мүшелері мен егде жастағылар коронавирусқа тесттен тегін өтетін болды

Алматыда COVID-19 скрининг жүргізу үшін жетінші зертхана ашылды, деп хабарлайды ktk.kz

Мұнда бірқатар азаматтар ПТР-тесттен тегін өте алады. Болат Өтемұратовтың қоры қалаға тегін берген зертханада мына азаматтарға скрининг тегін жүргізіледі: жұмыссыздар; аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері; мүмкіндігі шектеулі адамдар;  стационарға жоспарлы түрлі жатқызылған науқастар; тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бұрыннан бар әрі бақылауға алынған 50 жастан жоғары науқастар.

Сонымен қатар, мұнда эпидемияға қарсы шаралады тексеруге қатысқан әкімдіктер қызметкерлері, волонтерлар, белсенділер, патруль қызметкерлері, қарттар үйлерінде, интернаттарда және басқа да арнайы мекемелерде тұратындар, мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері тексеруден өтеді.

«Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұған қоса ол Болат Өтемұратов пен оның командасының барлық мүшелеріне COVID-19 қарсы күреске қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Зертхана ПЦР сараптамасының барлық циклын жүргізу құралдармен толық жабдықталған.

Жалпы кешенде жоғары технологиялы және биологиялық материалды алатын, сақтайтын әрі белгілейтін, ПЦР әдісі бойынша зерттеу жүргізетін жоғары технологиялы 42 құрал-жабдықтар орнатылған. Зертхана қуаты өте жоғары, мұнда 5000 дейін басымдық беретін күніне 1000 сараптама жасалады. Қор зертхананы жедел түрде 30 мың тест жүргізу үшін қажетті реагент құралдармен толық қамтыған.

Зертханада жұмыс істеуге Ұлттық сараптама орталығының 16 зерттеушісі тартылған, олар сегіз адамнан бөлініп, екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.

Жаңа зертхана саны бойынша жетінші. Бұған дейін Алматыда алты зертхана жұмыс жасады, олар: ҰСО, ОРЗ, НПЦСЭЭиМ, MPKQ, ҚалалықСПИД, «Олимп» КДЛ. Сонымен қатар, екі жылжымалы қабылдау пункті ашылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button