IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риаота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жектің постерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы отандасыммыз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
«Жапониядағы үлкен драма. 29 желтоқсанда кездескенше», – деп жазды GGG.
Айта кетейік, екі боксшы ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейінгі шаршы алаңға шыққалы отыр. Головкин былтыр желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері рингке шықпады.