БастыДенсаулық

22 қарашада елімізде ревакцинация басталады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұрғанын айтты. Вирустың репродуктивті индексі 0,90 құрайды. Инфекциялық төсектер 30%, реанимациялық төсектер 26% толы. Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл аймақта», Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола және Қарағанды облыстары «сары аймақта» орналасқан. Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» тұр.

Бүгінгі таңда шамамен 8,5 млн адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,7 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.

Еуропаның бірқатар елінде, сондай-ақ Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Үкімет басшысы санитариялық талаптар шараларының жаппай сақталуын қамтамасыз етуді, мониторингтік топтардың талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысының тиімділігін күшейтуді және бұзушыларға қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

«22 қарашадан бастап бұған дейін екпе алған азаматтарды ревакцинациялау басталады. Осыған байланысты егу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет», — деді А. Мамин.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button