БастыТехнология

enbek.kz қызметкерлерді қысқарту туралы жаңа функцияны іске қосты

Жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқартатыны туралы онлайн ескертетін болады

 

Жұмыс берушілердің ыңғайлылығы үшін enbek.kz Электрондық еңбек биржасында мемлекетттік органдарды «қызметкерлердің қысқартылатыны жайлы» хабардар ететін функционал іске қосылды  

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабына сәйкес барлық ұйымдардың кадрлық бөлімдері «қызметкерлерді жұмыстан босататыны» туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарына алдын-ала беруге міндетті. Осы уақытқа дейін кадр бөлімінің қызметкерлері арнайы қағаз құжаттарды толтырып, оны өздері барып тапсыруға беруге мәжбүр болатын.

Енді бұл рәсім барынша жеңілдетіліп, жеделдетілді. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы порталындағы жеке кабинетінде қызметкерлердің санын, олардың жалақы мөлшерін, лауазымын, кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыстан шығу себептерін (қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, Кәсіпорынды тарату, өндіріс пен орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуі), сондай-ақ босатылатын мерзімді көрсете отырып «алдағы уақытта қызметкерлерді қысқартатыны» туралы мәліметтерді толтыра алады.

Қызметкерлерді қысқарту туралы деректерді беруді автоматтандыру – жұмыссыз қалған азаматтарға уақтылы лайықты қызметті таңдауға және жаңа жұмыс орындарын табуға ықпал ететін болады

Басқа жаңалықтар

Back to top button