Қазақстанда өткен тәулікте 1128 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020 сайты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 125, Алматы қаласы – 134, Шымкент қаласы – 24, Ақмола облысы – 70, Ақтөбе облысы – 22, Алматы облысы – 55, Атырау облысы – 20, Шығыс Қазақстан облысы – 77, Жамбыл облысы – 12, Батыс Қазақстан облысы – 27, Қарағанды облысы – 140, Қостанай облысы – 102, Қызылорда облысы – 19, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 127, Солтүстік Қазақстан облысы – 143, Түркістан облысы – 19.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 951667.