Бастыпроисшествие

Абай шахтасында метан газының кенеттен шығуы орын алды: 6 адам қаза тапты

7 қараша күні сағат 08.37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алды. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

“Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің 6-ауы қайтыс болды, 2-еуі жарақат алды (ақпарат анықталуда). Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды”, – делінген хабарламада.

ТЖ-ны жоюға «КӘАҚҚ республикалық орталық штабы» ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button